Сізді Риддер қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 954 «Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобаны талқылауға қатысу үшін шақырамыз
Талқылау сілтемесі: : https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15197249
Риддер қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 954 «Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев