
Егер сіз өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамасаңыз.
Салыстырмалы деректер бойынша осы жылдың басынан бастап Риддер қаласының әкімшілік аумағында 38 өрт оқиғасы тіркелді, онда 3 адам зардап шекті, 2 адам қаза тапты, 48 млн. теңге сомаға мүлік құтқарылды. Сонымен қатар, өрттердің негізгі саны тұрғын үй секторына тиесілі-29 жағдай немесе 76%, залал 940 мың теңгені құрады.
Өрттің негізгі себептері электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, пештердің дұрыс жұмыс істемеуі және отпен абайсызда жұмыс істеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу болды.
Осындай өрттердің бірі 2024 жылдың 11 маусымында Риддер қаласының жеке секторында шаруашылық құрылысының өртенуі кезінде болды. Бұған электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болды. Ескі электр сымдары мен сапасыз монтаждау өрттің салдарынан қысқа тұйықталудың пайда болуына себеп болды, бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ.
Адамдардың едәуір бөлігі өрт олардың үйлерінде болмайтынына сенімді, дегенмен, өрт кездейсоқтық емес, адамның тікелей әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесі екенін білу керек. Өрт барша мүлікке зиян келтіреді, материалдық шығынға ұшыратады, адам өміріне қауіп төндіреді!
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН
Келесі ережелерді сақтай отырып, сіз өрттің пайда болуын болдырмайсыз:
- аумақты және көкөніс бақтарын тазалау кезінде жанғыш қоқыс пен құрғақ шөп, ғимараттарға жақын жерде өртемеңіз және отты қараусыз қалдырманыз;
- қосылған электр және газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- тозған электр сымдарын пайдалануға жол бермеңіз;
- электр желсін шамадан тыс жүктемеңіз;
- газдың шығуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- балаларға отпен ойнауға және оларды қараусыз қалдыруға жол бермеңіз;
- өрт сөндіргіштерді (түтін датчиктерін) орнатыңыз;
- немесе жану пайда болған кезде дереу 101, 112 хабарлаңыз
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Сіздің тұрғын үйіңіз бен мүлкіңізді өрттің жойылуынан сақтайды, сонымен қатар Сізді және жақындарыңызды қорғайды.
Риддер қ. ТЖБ