Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2023 жылы Риддер қаласындағы инвестициялық қызмет

 

2023 жылғы негізгі капиталға салынған инвистициялардың көлемі 86,5 млрд. теңгені немесе 2022 жылға 89,2% құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 89,7%, республикалық бюджет қаражаты – 0,1%, жергілікті бюджет – 9,6%, банк несиелері және басқа да қарыз қаражаттар – 0,6% құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінен жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 1,5%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруге – 54,9%, өңдеу өнеркәсібіне – 31,9%, көлік және жинақтауға – 0,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 8,2%, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 0,1%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 0,3%, құрылысқа – 1,1%, өнер, ойын-сауық және демалыс- 0,7% бағытталды.

 

 

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – инвесторлардың жаңа құрылысқа, реконструкциялауға кеңейтуге, сондай-ақ объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңартуға, машина, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы.