Қауіпсіз сауда

Қауіпсіз сауда

Бүкіл республика бойынша "Қауіпсіз сауда" акциясы өтуде, біздің Риддер де шетте қалмады. Акцияны өткізуге азаматтық қорғаудың барлық қызметкерлері жұмылдырылды.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар ең ірі сауда үйлері мен базарларында қызметкерлермен және келушілермен сабақ өткізді. Инженерлік-инспекторлық құрам өрт тақырыбына нұсқамалар мен жадынамалар тарата отырып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы "Атамекен" ҰКП және "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" ММ өкілдерімен бірлесіп, кәсіпкерлермен және сауда объектілерінің иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне енгізілген түзетулер бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Осы акцияның мақсаты кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салу, өрт кезіндегі іс-қимылдарға және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға үйрету. Бірақ, егер өрттен құтылу мүмкін болмаса, адам шығынын болдырмау және зиянды азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Жедел қызметтерге қоңырау шалу телефондары: 101, 112.

 

Риддер қ. ТЖБ