
Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің Герасимовка ауылында «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Аталған әлеуметтік нысанның құрылысын «СтройДомСервис» ЖШС осы жылдың маусым айында бастаған. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 142 млн. теңге бөлінген. Дәрігерлік амбулатория қыркүйек айында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылған.