
Ағымдағы жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ қалалық кезеңді өткізу үшін қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды. Бүгінгі таңда 5 отбасы іріктеу турына қатысуды жоспарлап отыр.
Конкурс тұжырымдамасына сәйкес негізгі мақсаттар неке және отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қазақстандық қоғам арасында жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау болып табылады.
Риддердегі байқаудың қалалық кезеңі туралы қосымша ақпаратты тел. 4-43-43 немесе ватсап 8-705-501-56-00 арқылы алуға болады.