Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластырылған сынып сағаттары өткізілді

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластырылған сынып сағаттары өткізілді

Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын халықтар туралы көбірек білуге деген қызығушылық пен ықыласты дамыту мақсатында қала мектептерінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластырылған сынып сағаттары өткізілді.

Өткізілген сынып сағаттары балаларды отансүйгіштік, өз елін, өз халқын мақтан тұту, басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынас сезімін тәрбиелеуге үйретеді.