Риддерде мамыр мерекелері өзгеше форматта өтеді. Бірқатар өңірлерде болып жатқан су тасқындарын ескере отырып, Мемлекет басшысы бюджетті үнемдеу мақсатында атқарушы органдарға ауқымды іс-шаралардан бас тартуды тапсырған болатын.
Осыған орай қалада мол қаржыны қажет етпейтін бірқатар мерекелік шара өтеді. Атап айтсақ, мектептерде, балабақшаларда, кітапханаларда, мұражайда, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Мектептер мен балабақшаларда ерлік сабақтары, кітапханаларда «Тарих сағаты», мұражайда «Өмір тарихы», спорт мекемелерінде «Жеңіс туы» акциялары өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
1 мамырда қалада «Күш – бірлікте» және «Таза Қазақстан» челлендждері, 3 мамырда қарттарға көмек көрсету бойынша «Өнегелі ұрпақ» акциясы өтеді.
4 мамырда колледж студенттері Сарбаздар әні фестиваліне қатысады, ал 6 мамырда мектептердің спорт залдарында оқушылардың саптық байқауы өтеді. Іс-шаралар Отан қорғаушылар күніне орайластырылады. Жеткіншектер Риддер агротехникалық колледжінің спорт залында өтетін «Жас сарбаз» турниріне қатысады.
7 мамырда садақ атудан сайыс өтеді. Сол күні «Таза Қазақстан» экологиялық челленджі өтеді.
Негізгі мереке 9 мамырда өтеді. Ол Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналады. Сағат 10-да Кеңес одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Сағат 11-де осындай іс-шара Даңқ обелискісінде өтеді, тұрғындардың барлығына патриоттық ленталар таратады.
Бұл күн Риддерде тұратын соңғы соғыс ардагері Павел Прокофьевич Альбоға құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, отыз шақты тыл еңбеккеріне де сыйлықтар беріледі.