СЕНІҢ ТАҢДАУЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ ҚАТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

СЕНІҢ ТАҢДАУЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ  ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ ҚАТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  Семей қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне мерзімдік әскерге шақырылушыларды іріктеу бойынша бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Осыған байланысты құрметті әскерге шақырушылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарындағы мерзімдік қызмет атқару бұл жай ғана әскери қызмет емес, мұнда сіз адамдардың өмірін құтқаруды үйреніп және  құтқарушы, өрт сөндіруші, дайвинг мамандары бойынша даярлық өтесіздер.

 

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің «Мерзімді 2.0» жобасы бойынша, азаматтар мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін ҰБТ тапсырусыз білім алуға мүмкіндік бар.

 

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімдік әскери қызметтен кейін сіздің алдынызда келесі мүмкіндіктер ашылады:

 

-              Азаматтық қорғау органдарына (өртке қарсы және авариялық құтқару қызметі) жұмысқа орналасу;

 

-              Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу;

 

-              Өскемен немесе Семей қаласында орналасқан азаматтық қорғаныс  әскери бөлімдерінде келісім шарт бойынша қызмет жалғастыру.

 

                Құрметті азаматтар, 68303 (Абай облысы,Семей қаласы) әскери бөлімінде мерзімдік әскери қызмет өткергісі келетіндер ағымдағы жылдың 18 сәуірі мен 20 мамыры аралығында

 

ШҚО ТЖД (Өскемен қаласы Пермитина көшесі 23) келіп немесе 87232-25-09-27, 8705-112-09-69 телефон нөміріне хабарласуға болады.