Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалитінің алдын алу

«Риддер қалалық ауруханасы»  ШЖҚ-ғы КМК медицина қызметкерлері кене энцефалитіне қарсы алдын алу шаралары бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кене энцефалиті орталық жүйке жүйесіне әсер ететін, параличке және тіпті өлімге әкелетін, иксод кенелері арқылы таралатын табиғи ошақты вирустық ауру екендігі атап өтілді. Вирус осы қауіпті жәндіктің шағуы арқылы таралады. Кене энцефалитінің негізгі белгілері және осы аурудың салдары туралы толық ақпарат берілген. Сондай-ақ, адамдар оның жанама әсерлерімен таныстырды. Таулы және дала жерлеріне шығу кезінде сақтық шаралары туралы ескертті. Брошюралар мен буклеттер таратылды.