"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.
Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Сізден сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
|
Event- жиналыс: |
«Ашық есік күнінің» |
|
|
Күні мен уақыты: |
12:00 жұма, 15 наурыз 2024 ж. (UTC+06:00) Астана қ. |
16:00 жұма, 15 наурыз 2024 ж. (UTC+06:00) Астана қ. |
| Тіркелу үшін оқиға мекенжайы: |
https://enpf.webex.com/weblink/register/r3f2e30f7d90eec42b7fb3ba2f9274d6c |
https://enpf.webex.com/weblink/register/rf8211e518f2599eb62abcc24ac03e2a9 |
| Қосылу үшін оқиға мекенжайы: |
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6bed8505732389a20e5fe33ce1c5644c |
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6bed8505732389a20e5fe33ce1c5644c |
|
Event- жиналыс нөмірі: |
2521 407 7426 |
2529 581 5684 |
|
Event- жиналыс паролі: |
N3ti (телефондар мен бейне жүйелерден 6384)
|
tRrM (телефондар мен бейне жүйелерден 8776)
|