Құрметті риддерліктер!

Құрметті риддерліктер!

Сіздерді 1 наурыз-Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні, ең алдымен, елімізде тыныштық, үйлесімділік, өзара сенім мен әрбір қазақстандыққа құрмет көрсету үшін негіз болып табылатын бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.

Алғыс айту күні-жалпыазаматтық қағидаттар негізінде қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтудың басты мақсаты.

Құрметті жерлестер!

Көктемнің бірінші күнімен тұспа-тұс келген  осынау шуақты мереке күні баршаңызға жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт тілеймін. Еліміздегі барлық ұлттардың бірлігі нығайып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры өрлей берсін!