
Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Ғажайып адамдардың өмірі» авторлық бағдарламасы аясында оқырмандар назарына «Өз қаласының патриоты» атты «жанды» көрме ұсынылды. Бұл көрме «Тұлғалардағы қала тағдыры» іс-шаралар циклін жалғастыруда. Ол қаланың құрметті азаматы, майдангер – Ақажанов Қожатай Ақажанұлына арналған. Іс - шараға оның қызы Г.К. Ақажанова қатысты, ол әкесі туралы айтты.
Газет мақалалары, кітап материалдары, оқиғаны суреттейтін фотосуреттер Қ.А. Ақажановтың бейнесін ашты. Жібек жастыққа ардагердің төсбелгілері мен медальдары орналастырылды.