Шығыс Қазақстанда "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Шығыс Қазақстанда "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

2024 жылғы 08-09 ақпан аралығында Қазақстанның барлық аумағында "Көктем-2024" Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өтуде.

Шығыс Қазақстанда оқу-жаттығудың бірінші күні ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығы базасында өңірдің азаматтық қорғау қызметі мен мүдделі органдар су тасқынына байланысты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарды пысықтады.

"Көктем-2024" РКШОЖ қатысушыларының алдында елді мекендерден қарды уақтылы шығару, су өткізу құрылыстарын, арықтарды, автомобиль және темір жол көпірлерін мұз жүруі үшін тазалау және дайындау, қорғаныс бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарды нығайтуға, елді мекендердің аумағына топырақ үйіп, қоршап, инертті материалдарды дайындауға, су тасқыны жағдайында халықты хабардар ету, жедел ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен халықты орналастыру пункттерін өрістету бойынша жұмысты ұйымдастыру міндеті тұрды.

"Облыста барлығы 71 су тасқыны қаупі бар учаске бар. Жағдай қиындаған жағдайда Шығыс Қазақстанда 2334 адамнан тұратын жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары, 735 бірлік техника, сондай-ақ 50 бірлік жүзу құралдары мен 223 мотопомпалар топтастырылды. Су тасқыны салдарын жою және халықты эвакуациялау үшін ШҚО ТЖД-да 26 бірлік жол талғамайтын техника бар. Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын халықты уақытша орналастырудың 153 пунктін белгіледі. өңірде осы оқу-жаттығулар аясында радио мен телеарналарға қосылу арқылы "Баршаның назарына!" сигналы бойынша электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі