
2024 жылғы 1 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу шеңберінде Риддер қалалық сайлау комиссиясы қала әкімінің, мәслихат төрағасының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізді. Комиссия мүшелеріне көп жылғы адал еңбегі және Риддер қаласының сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.