Крещение рәсімі

Крещение рәсімі

19 қаңтарда православты Хрестяндар шомылу «Крещение Господне» мерекесін атап өтеді. Бұл күні дәстүр бойынша сыртта адамдар суға шомылады немесе суық су құйынады. Риддер қаласының аумағында жергілікті атқарушы орган жаппай шомылуға арналған 4 ресми орынды белгіледі, бұл:

  1. Кузнечная 7 мекен-жайындағы Свято Никольский храмы - 2 орын;
  2. Дрейман 5 мекен-жайындағы Нечаянная радость - 1 орын;
  3. Гавань ауданындағы Журавлиха өзені-1 орын;

Аталған орындардың барлығында азаматтық қорғау, жергілікті полиция қызметі және жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік ұйымдастыратын болады.

Мереке қарсаңында Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы шомылуға ниетті тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салады.

  • шомылу рәсімін құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізу қажет;
  • шомылудан бұрын денені жылыту керек;
  • шұңқырға ыңғайлы және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек;
  • ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, денеңізді ғана мойынға дейін батырған дұрыс;
  • алкогольдік жағдайда шомылуға тыйым салынады;
  • балаларға шомылуға тек ата-аналарымен ғана рұқсат етіледі;
  • шомылғаннан кейін денеңізді сүлгімен жедел сүртіп, ыстық шай ішу керек.
  • созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды.

 

Риддер қ. ТЖБ