Мәдениет сарайының өнерпаздары мен Өскемен қаласынан шығармашылық ұжымдар қатысты. Жарқын нөмірлер, түрлі-түсті әшекейлер және Жаңа жыл кешіне арналған көңілді атмосфера көрермендерді қуантты. Қала әкімі Д.Б. Батырбаев кеншілер қаласының тұрғындарына зор денсаулық және тамаша жаңа жылдық көңіл-күй тіледі. Шара мерекелік отшашумен аяқталды.