«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау оларды тіркеу негізінде осы Заңда белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына байланысты тіркеусіз беріледі.
Заңның 15-бабына сәйкес тауар таңбасын тіркеу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі иесінің өтініші бойынша оның қолданысының соңғы жылы ішінде әр жолы он жылға ұзартылады.
Қосымша туындаған сұрақтар бойынша Сіз 8 (7232) 70-40-61 байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.