
Жаңа жылдық шырша үйді безендіріп, мереке күндері өрт тудырмауы
үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары қандай ережелерді сақтау керектігін айтты:
Егер шыршада электр гирляндасы жана бастаса ше?
Гирляндты өшіріңіз. Егер өрт аз болса, оны өзіңіз өшіруге тырысыңыз.
Ең алдымен, жалын таралмауы үшін ағашты еденге құлатып, тығыз
шүберекпен жабыңыз. Ешқандай жағдайда суды қолданбаңыз. Егер шырша
жасанды болса жану процесінде синтетикалық материалдар еріп, балқиды, ал
жанғыш бетке судың тиюі ондағы тамшылардың шашырап, салдарынан өрт
таралуы ықтимал, сондықтан жалынға құм төгіпнемесе өрт сөндіргіш
қолданыңыз.
Егер алғашқы минуттарда отпен күресу мүмкін болмаса, үй-жайдан
шығып, адамдарды шығарып, құтқарушыларды 101 немесе 112 нөмірі
бойынша шақырыңыз.