
2023 жылдың 22 желтоқсанда «АMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалында Облыстың лингвистикалық орталығымен облыстағы тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларының арасында «Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым» атты байқау өткізілді.
Байқауда мемлекеттік тілді меңгеру үдерісінде алған білімдерін күнделікті жұмыс барысында қолдану бағаланды және мемлекеттік тілде коммуникативтік біліктілікті анықтады. Облыстың басқа
қалалары мен аудандары қатысушыларының арасында Риддер қаласының атынан Ельсукова Анна Васильевна өнер көрсетіп, 3 орынға ие болды. Анна А1 деңгейіндегі мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушысы.
Байқауда Риддер қаласы атынан өнер көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйренуде және қолдануда толағай табыстар тілейміз.