
Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – бәріміз және және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Мемлекеттік тіл-менің тілі» атты республикалық форум өткізді.
Форумға басқарма басшылары, тілдерді дамытуға жауапты мамандар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыс әкімдіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Риддер қаласының "Тілдерді оқыту орталығы" КММ басшысы әрі "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ Риддер қалалық филиалының хатшысы міндетін қоса атқарушы Садықова Қ. К. "Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қосқан зор үлесі мен адал қызметі үшін" Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды, және де жергілікті полиция қызметінің қызметкері А.Сүлейменқызы «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хатымен марапатталды!
Құттықтаймыз!