
2023 жылғы 13 желтоқсанда Риддер қаласының "Тілдерді оқыту орталығы" КММ "Мемлекеттік тіл – менің тілім" өткізу шеңберінде "Қазақ тілі" халықаралық қоғамы” ШҚО бойынша Риддер қалалық филиалы" ҚБ-мен бірлесіп, ҚР-да 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясаты тұжырымдамасын орындау шеңберінде "Желбіресін тәуелсіздік байрағы” атты қалалық эссе жазу конкурсын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты отансүйгіштікті, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, тарихты білуді қалыптастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін ілгерілету болды. Конкурстың қорытындысы онкүндіктің соңында жарияланады.!