Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары цифрлық мемлекеттік қызметтерді жиі пайдалана бастады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары цифрлық мемлекеттік қызметтерді жиі пайдалана бастады

13 желтоқсан 2023 ж.

Өскемен қ.

 

Биыл электронды форматта 900 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді. Сондай-ақ шараға оның екі сала бойынша орынбасарлары – Айжан Ағибаева және Гүлфайра Нұржанова қатысты.

Филиал директорының айтуынша, бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тізілімде қолжетімді 1353 Мемлекеттік қызметтің 1267-сі көрсетіледі, оның 1214-і электрондық форматта қолжетімді. Ағымдағы жылы шығысқазақстандықтар электрондық форматта 900 мыңға жуық түрлі мемлекеттік қызметтерді алды. Өткен жылмен салыстырғанда осы әдісті пайдаланушылардың саны екі есеге артқан.

Сондай-ақ Азамат Есембулов Мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың маңыздылығын атап өтті. Мысалы, "Мобильді ХҚО" қосымшасының тиімділігі өте зор. Жыл басынан бері ол арқылы ШҚО бойынша 26 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Айта кетейік, брифинг барысында филиал директоры өткен жылы ШҚО ХҚО-лары арқылы тапсырыс берген ең танымал қызметтер туралы айтып берді. Мәселен, биыл ЭЦҚ алу ең сұранысқа ие болды -  153 308, танымалдығы бойынша екінші орында – көлік құралдарын тіркеу – 128 939, үшінші орында – жүргізуші куәліктерін беру - 63 758 ең қажетті қызмет болып табылды.

Филиал директорының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі орынбасары Айжан Ағыбаева ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілгенін атап өтті. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1 немесе 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі. Осы санаттағы аналарға ай сайын 6,40-тан 7,40 АЕК-ке дейін жәрдемақы төленеді. Бұндай жәрдемақыға өтінімді проактивті форматта да ресімдеуге болады.

Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша филиал директорының орынбасары Гүлфайра Нұржанова мемлекеттік корпорация Blockchain технологиясын қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктер мен жеке тұлғалар арасында жылжымайтын мүлікке банктік қарыз шартын ресімдеу кезінде берілген кепілдің электрондық тіркелуін жүзеге асыратынын атап өтті. Бұл қызмет сұранысқа ие және көрсетілетін қызметті алушылармен оң пікірге ие, өйткені клиенттерге тіркеу процесін үш күннен бір күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 7311 шарт тіркелді.