
Қыста су айдындарында адамдарды күтіп тұрған табиғи қауіптердің бірі – жұқа мұз.
Кез келген адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін: балық аулау, аң аулау, серуендеу, тоғандарды немесе өзендерді кесіп өту кезінде.
Мұз үстінде өзенді немесе су айдынын кесіп өтпес бұрын, жағада болған кезде қатқан су айдынының жағдайын зерттеңіз. Жалғыз саяхатшы үшін қалыңдығы кемінде 7 сантиметр болатын мұзды қауіпсіз деп санауға болады.
Риддер қаласы Төтенше жағдайларды басқармасы барлық тұрғындарға мұздың жеткілікті беріктігіне көз жеткізбестен, оның үстіне шықпауға кеңес береді.
Адамның мұзға немесе суға құлағанын көрсеңіз, «101» немесе «112» телефондарын теріп, не болғанын хабарлаңыз. Мүмкіндігінше зардап шегушіге құтқару құралын ұсыну арқылы көмектесіп, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ете отырып, оны судан шығаруға болады.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға қауіп туралы ескерту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Балалардың су айдындарында немесе өзендердің бойында бақылаусыз болуына және ойнауына жол бермеңіз. Оларға өлім қаупін түсіндіріңіз және су айдындарына жақындауға үзілді-кесілді тыйым салыңыз.
Жоғарыда аталған шараларды сақтау сіздің және балаларыңыздың өмірін сақтайды!