
Риддер – табиғат әсемдігімен таң қалдыратын Қазақстан қалаларының бірі. Қалаға жол – қайың, қарағай және жасыл шыршалар үйлесетін, елдің ең әдемі жолдарының бірі. Риддер қаласы аумағының көпшілік бөлігі теңіз деңгейінен 700 метрден 2800 метрге дейін жететін биіктігі бар таулардан тұратын, Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік жағында орналасқан қала.
Риддер маңайында бірнеше таулы өзен ағып өтеді: Журавлиха, Филипповка, Быструха, Хариузовка. Оларқосылып, қала шекарасымен өтіп, Тихая өзенін құрады, ал соңғысы, Громотуха өзенімен қосылып, Ульба өзенін құрайды.
Қала өзендерін долы ағынмен, тасты арналармен және тауларда қар еруімен пайда болатын созылған тасқын суларымен сипаттауға болады. Өзен суы таза және кристалды балғын. Бірақ табиғат адамдаға әрқашан мейірімді емес, және кейде қоршаған жаны бар әлем үшін қауіп тудырады. Ол өз табиғилығымен қорқынышты. Осы жылда қала аумағында түрлі жағдайларда 2 адам батып кетті.
Қайғылы оқиғаларды болдырмау мен тұрғындарды хабарландыру мақсатында, азаматтық қорғау қызметкерлері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-мен бірлесіп, суға түсуге тыйым салынатын орындар мен учаскелерде тыйым салу белілерін орнату бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар Кодексінің 364 бабына сәйкес, тыйым салу белгілері орнатылған орындарда суға түсуге болмайды. Әкімшілік жаза барлық зиянды бұзушыларға қатыстылығын ескертеміз! Тұрақты түрде полиция қызметкерлерімен шомылу маусымы кезеңінде бұзушылық анықтау мен тыйым салынған орындарда суға түскен тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін рейдтер өткізілетін болады.
Есте сақтаңыздар, табиғатта демалу тек жақсы емес, қауіпсіз де болу керек!