Мамық+Балалар=Өрт!!!

Мамық+Балалар=Өрт!!!

Риддер қаласында теректің мамығы ұшатын кезең басталды, ол дегеніміз өрттің қауіптілігі артады. Өрт жақын маңда тұрған тұрғын үйлерге, дуалдарға, автомобильдерге және басқа да ағаш құрылыстарға өтіп кетуі мүмкін. Байқаусыз тасталған темекі қалдығы, сіріңке немесе тұтатылған жалын – өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. Көп жағдайда балалардың ойын ретінде теректің мамығын жағуынан, өрт пайда болады. Өрттің тез таралу жылдамдығынан және мамықтың көп шоғырлануына байланысты балалар термиялық күйіктерге шалдығуы мүмкін.

Өскемен қаласында  өткен аптада теректің мамығы мен қоқыстың жануына байланысты 47 жағдай тіркелді. Мысалы, 23мамыр күні гараж бөлімдерінде 2 автомобиль, ал 26 мамыр күні сақтау орындары, 26 мамыр күні 8 шаруашылық құрылымдардың аға бөліктері отқа оранды және де бұл тізімді бұдан да әрі жалғастыруға болады....

Риддер қаласында осы жағымсыз статистика жалғаспауы үшін, Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы терек мамығын өртемеуге және де балаларға жол бермеу керектігін айтамыз. Ең тиімді және қауіпсіз тәсіл ол- терек мамығын сумен шашып, оны қоқыс контейнеріне апарып тастау керек.

Риддер қ.ТЖБ