ЖК, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға қатысушы болады

ЖК, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға қатысушы болады

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

Ол 4 кезеңде өтеді:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияларды мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары табыс етеді;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларацияланатын болады;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялау заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ ЖК және олардың жұбайлары үшін енгізіледі;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - азаматтардың қалған санаттары. 

Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларына (қатысушыларына), сондай-ақ ЖК мен олардың жұбайларына таралатын жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңіне тоқталайық.

Тұлғалардың осы санаты үшін декларацияларды ұсыну бойынша міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға өз қызметін жүргізбеген жағдайда да туындайды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңіне қатысушыларға қандай есеп беру және қашан тапсыру керек?

Жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген бірінші жылы ( 2024 жыл) жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңіне қатысушылар «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» (250.00-нысан) ұсынуға міндетті болады. Кейінгі жылдары – «Кірістер мен мүлік туралы декларация»  (270.00-нысан).

2024 жылғы 250.00 салық есептілігі нысанын қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық жеткізгіште  - 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

«Кірістер мен мүлік туралы декларация» 270.00 нысанын қағаз жеткізгіште беру мерзімі 2025 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық жеткізгіште - 2025 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Барлық сұрақтар бойынша Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40, т. 4-24-86 бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.