
Көптеген риддерліктер үшін демалыс күндері моншаға барып келесі аптаның жұмыс күндеріне дайындалу ең жақсы демалыс болып табылады. Өкінішке орай өткен демалыс күндері кейбір азаматтардың үшін демалыс күндері өрт сөндірушілердің келуімен және материалдық шығынмен аяқталды.
23 мамыр күні Синюшинская көшесінде монша мен үй шаруашылық құрылысы жанып өрт ауданы 70 м2 құрады, жеке меншік заттарын құтқару мүмкін болмады. 24 мамыр күні қаланың басқа бөлігінде Карла Маркса көшесінде кешкісін, үй қожайындары моншаға түскен соң, ұйқыға кірісті, алайда таңертен өрт болып, моншаның шатыры мен қабырғасының бөліктері жанып кетті. Аталған екі жағдайда да өрттің себебі пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.
Осы қауіп-қатерлерден өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы қорғануға болады. Біріншіден, пешті жанғыш конструкциялардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орналастыру қажет. Екіншіден отты жақпас бұрын пештің және мұржаның тартымын және жағдайын тексеріп алу қажет. Мұржаның тартымы болмаған кезде, оны тазартып, пеште қандай-да болсын жарықтар болған жағдайда немесе есіктері жабылмаса оны қолдануға болмайды. Оттың жағу үшін қандай да болсын жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Пештің шамадан тыс көп жануына және де жанып тұрған жағдайда оны қараусыз қалдыруға болмайды.
Сонымен қатар моншаның ішкі жабындысын уақытылы ауыстырып отыру керек. Ағаштың кеуіп кететін қасиеті бар және оның тұтану температурасы 110-140 градусқа дейін төмендейді.Егер сіз белгіленген температуралық режимді бұзсаңыз онда сізде өр болу қауіпі жоғарылайды!
Сонымен қатар өрттің электр құрылғылардың дұрыс орналаспауына байланысты да болуын естен шығармауымыз қажет.
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы сіздерге қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз Сіздің моншаларыңыз, денсаулықтарыңызды нығайтып, сізге тек қане көңілді эмоциялар сыйлайтын болады!!!