
Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуының алдын алуда дезинсекция жетекші рөл атқарады.
Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен жүйелі түрде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинсекция жүргізуге міндетті.
Мұндай қызметтер дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін жеке ұйымдармен шарт бойынша жүзеге асырылады.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалар осы қызмет түрін лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асыра алатын нормативтік-құқықтық актілер күшіне енеді.
Жәндіктермен күресу үшін химиялық дезинсекция әдісі жиі қолданылады. Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген дезинсекциялық құралдарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Дезинсекциялық жұмыстар нысандардағы жәндіктердің бар-жоғын алдын ала тексеруден, қоныстану орындары мен санын анықтаудан басталады.
Тұрғын ғимараттарға іргелес объектілерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда суық және ыстық тұманның ену қабілетінің жоғары болуына және улану қаупіне байланысты суық және ыстық тұман әдістерімен дезинсекция жүргізуге қатаң тыйым салынады.
Қауіпсіздік ережелерін бұзған кезде улану дамуы мүмкін. Улану белгілері: ауыздағы жағымсыз дәм, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, тыныс алу органдарының тітіркенуі және т. б.
Ингаляциялық улану кезінде науқасты таза ауаға шығарып, аузы мен мұрнын шаю керек. Адсорбенттер қосылған 1-2 кесе су ішкізу қажет. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін дереу дәрігерге хабарласу қажет!