
16 қарашада қала әкімі Д.Б. Батырбаевтың 2 ауданның тұрғындарымен кездесуі өтті. Қала әкімі ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті.
Тұрғындар сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, электрмен жабдықтау, балалар алаңдарын орнату, жолдарды қардан тазарту және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық ашу мәселелерін көтерді.