
Адам өмірі - көптеген таңдаулар тізбегі. Мамандық таңдау – ең қиын таңдау. Өздеріне қолайлы мамандыққа қарай қадам жасай отырып, жастар өз өмірлерінде жаңа сатыға көтеріледі…
Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада "М. Горький атындағы негізгі орта мектебі" КММ оқушыларымен "Біздің қаламыздың мамандықтары" атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Олардың алдында "Риддер колледжі" КМҚК маманы – Полушко Лада Юрьевна және студенттер – Саморокова Татьяна, Федько Нелли, Бажин Илья сөз сөйледі. Олар Риддер колледжі бойынша ақпараттық шолу жүргізді, колледжде алуға болатын әр мамандықтың ерекшеліктері, қабылдау шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндайтын әр мамандық туралы бейнеролик көрсетілді, әртүрлі мамандықтардың мәні мен мазмұны туралы түсініктерін кеңейтті.
Кітапханашы оқушыларға еңбек туралы мақал – мәтелдермен қызықты жұмбақ-конкурстар, "Пантомима" сайысын ұсынды. Әр сайыста білімділік пен тапқырлық таныту қажет болды. Осы іс-шара аясында жиналғандардың назарына «Мың жолдың бірінде» атты мамандықтар вернисажы ұсынылды.
Оқушылар кітапханашымен және Риддер колледжінің өкілдерімен бірге мамандықтарды таңдау ойын кеңейтті, әртүрлі мамандықтардың мәні мен мазмұнын анықтады, қоғамда қызметкер, ең алдымен, оның кәсіби қасиеттері бойынша бағаланатынын түсінді.
Белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.