
Сіз итіңізге доп лақтырғаныңызда немесе оған дәм бергенде, ол сізге күлімсіреп қарайтын сияқты! Әрине, ит қазіргі жағдайға өте риза, бірақ ол жымиып, күле алады ма?
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ 1-сынып оқушыларымен бірлесіп «Иттер күле ала ма?» атты презентация өткізді. Балалар бірегей иттер, рекорд жасаған иттер туралы қызықты деректермен таныстырылды, қиын және өте жауапты «иттердің» мамандықтары туралы және иттің күлкісі қандай болатыны туралы айтылды.
Балалар жануарлар туралы көптеген қызықты фактілерді білді, сонымен қатар жазушылардың иттер туралы көркем шығармалары, сондай-ақ төрт аяқты достар туралы ғылыми-көпшілік әдебиеттер ұсынылған «Иттен адал жаратылыс жоқ » кітап көрмесінде ұсынылған кітаптармен танысты. Иттер туралы кітаптар, әрине, тірі ит кейпіндегі нағыз досты алмастыра алмайды, бірақ оларды оқу жүрегіңді жылулыққа толтырып, ең мейірімді сезімдерді оятады. Балалар отбасында өмір сүретін иттер, оларға қалай қамқорлық жасайтыны және олардың иттерімен болған оқиғалар туралы әңгімеледі. Іс-шараның соңында барлығы иттер сүюге және қамқорлыққа лайық деген пікірге келді.
Құрметті оқырмандар, төрт аяқты достарымызға әрқашан қасында болып, қуанышымыз бен қиындығымызды бөлісуге дайын болғандары үшін, адалдығы мен жылуы үшін алғысымызды білдірейік!