
2023 жылғы 27 қазанда Риддер қаласында көрнекі ақпарат объектілерін тексеру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері бекітілген кесте шеңберінде “Continental” СҮ-де орналасқан кәсіпкерлік объектілерін жоспарлы аралауды ұйымдастырды. Бизнес субъектілерімен "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңның сақталуы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көрнекі ақпаратты орналастыру талаптарының сақталуы туралы жадынамалар берілді, сондай-ақ Риддер қаласында "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-де тілдерді оқытудың тегін курстары және "Kömek" көмек терезесінің қызметі ұсынылды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық нормаларына сәйкес, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, бланкілерді, маңдайшаларды, хабарландыруларды, жарнаманы, прейскуранттарды, баға белгілерін, мәзірді, көрсеткіштерді, басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде орналастыру қажет.