
Бүгін, 2023 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу құрметіне Риддер қаласының алаңында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен мерекелік сауда өтті!
Қала тұрғындары үшін кәсіпкерлер кәуап, палау, бауырсақ және басқа да нан-тоқаш өнімдерін, ыстық шай дайындады. “Успех-Восток”корпорациясы” ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарын тәтті тоқаштармен тегін дәм татырды. Балалар үшін шарлар мен тәтті мақта саудасы ұйымдастырылған.