«Біз бір елде тұрамыз, бір отбасымыз!»

«Біз бір елде тұрамыз, бір отбасымыз!»

Рухани келісім күніне орай №1 кітапхана-бөлімінің қызметкерлері «Біз бір елде тұрамыз, бір отбасымыз!» атты кеш өткізді.

Іс-шара Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы толеранттылық пен рухани келісім ойларын ілгерілету мақсатында өткізілді.

Кітапханашы қатысушыларға Рухани келісім күнінің тарихына тоқталып, бұл елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бауырлас ынтымақтастығы күні екенін айтып өтті.

Соңында балалар "Рухани келісім күні" викторинасының сұрақтарына жауап берді.