
2023 жылғы 18 қазанда Мәдениет сарайында Рухани келісім күні діни қызметкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің, сондай - ақ Риддер қаласының өскелең ұрпағының қатысуымен “Келісім-бейбітшілік пен ізгіліктің негізі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстандағы этномәдени және конфессияаралық әртүрлілік - бұл әртүрлі мәдениеттерден, діндерден шыққан тұлғалардың бір мақсатпен біріктіруге арналған ортақ байлық пен игілік, яғни баршамызға ортақ Отанымыз-Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының басты мақсаттарының бірі.
Риддер қаласы дінбасыларының өкілдеріне Риддер қаласында рухани тәрбие, жоғары моральдық құндылықтарды сақтау және конфессияаралық келісім саласындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етілді.