
Еңбек тапшылығы бар өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік теңгерімсіздіктер мен демографиялық теңгерімсіздіктерді жою мақсатында "Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Еңбекке артық өңірлерге Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, Жетісу облысы және Астана, Алматы және Шымкент қалалары жатады.
Ерікті қоныс аударушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:
1) қызметкердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсету;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқыту;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;
5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
Материалдық көмек түрлері:
бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болғанда 25 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде;
Жыл басынан Риддер қаласына ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында 43 адам көшіп келді. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 28 адам. Оның ішінде 22 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Көшуге 10 143 мың теңге көлемінде материалдық көмек, тұрғын үй сатып алуға 36000 теңге мөлшерінде 9 сертификат және тұрғын үй жалдау бойынша шығыстарды өтеуге 3830 мың теңге материалдық көмек төленді.