Президент тіл жанашыры қырынан танылды

Президент тіл жанашыры қырынан танылды

Президент тіл жанашыры қырынан танылды. Балалардың тілі қазақша шықпай, шықса да дұрыс шықпай жатқандығын, қазаққа тән төл дыбыстау жүйесі, тіл тазалығы бұзылып жатқандығын мысал келтіре отырып алға тартты. Латынға көшерде мұны да ескеру қажеттігін айтып, латынға көшуге қатысты пікірімді сұрады. Кейбір дыбысқа таңба таңдауға қатысты өз ойын айтты. Қалам алып, латын әріптермен біраз сөз жазып көрсетті. Қысқасы, Президент тіл мәселесіне терең бойлаған, қазақ тілінің өркен жайып, кең қолданыс табуына шын ықыласты тіл жанашыры.