Хатшылықтың жұмысы әлемде бірлік пен келісімді сақтауға бағытталуы тиіс – Аида Балаева

Хатшылықтың жұмысы әлемде бірлік пен келісімді сақтауға бағытталуы тиіс – Аида Балаева

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтті.

Әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қабылданған Декларациядағы мақсат-міндеттердің іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді.

🎤 Хатшылықтың отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі.

🔎 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/634675?lang=kk

📌 (с) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.