Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдеріне әсер тигізуде,..

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдеріне әсер тигізуде,..

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдеріне әсер тигізуде, ол адамдардың өмірінің барлық салаларына, яғни әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларға әсер етеді, мемлекеттік органдарға сенімсіздік тудырады және кез-келген құқықтық мемлекеттің негіздеріне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық термині "corruptio" сөзінен шыққан, латын тілінен аударғанда "сатқындық, пара беру, бүліну, бұрмалау" дегенді білдіреді. Біздің елімізде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін арнайы әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша түрлі шаралар іске асырылуда. Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық саладағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою басым бағыттар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл, парасаттылықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту-еліміздің әрбір азаматы мен патриотының міндеті. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтып, еліміздің қолайлы тұрақты дамуына көмектесе аламыз. Егер Сіз мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың байқаусызда куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлай аласыз.