
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында комиссияның бекітілген жоспарына сәйкес: "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілерін болдырмау бойынша қабылданған қажетті шаралар туралы, жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету туралы" мәселелер, сондай-ақ "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша" баяндамасы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.