
25 қыркүйек күні Риддер қаласы Мәдениет сарайының мәжіліс залында “Тілдерді оқыту орталығы” КММ “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ-мен бірлесіп, 2020-2025 жылдары тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында “Мемлекеттік тіл - ұлтты біріктіруші фактор” атты семинар-конференция өтті. Аталған іс - шара Риддер қаласының әкімі Д.Б. Батырбаевтың төрағалығымен қаланың жеке кәсіпкерлерінің, күш құрылымдары мен мемлекеттік мекемелердің қатысуымен өтті. Кездесуге қатысушыларға көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде "ҚР Тіл туралы" Заңын сақтау қажеттілігі туралы түсініктеме берілді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.