Металлургтер әулеті 2023

Металлургтер әулеті 2023

Риддер қаласынан жыл сайынғы «Еңбек Жолы» конкурсына «Еңбек әулеті» номинациясына қатысу үшін  Аушиновтар әулеті ұсынылды.  

Мәлик Абдулович Аушинов – әулеттің негізін қалаушы, Аушиновтар отбасылық әулетінің негізін қалаушы болып табылады. 1973 жылдан 1989 жылға дейін электролит цехында анодшы болып жұмыс істеді. Оның кәсіпорындағы жұмыс өтілі 16 жыл.

Шамшиттен Кабашевич Аушинов – әулет негізін қалаушының інісі. 1974 жылдан 1983 жылға дейін күйдіру цехында, 1983 жылдан 1996 жылға дейін вельццехте аға пешші болып жұмыс істеді. Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл. Мемлекеттік наградалары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары және Ерен еңбегі үшін медалі бар.

Ринат Ерболович Ерболов, 05.05.1987 жылы туған, әулет өкілі.

Зауытқа 2010 жылы жұмысқа орналасты. 2010 жылдан 2020 жылға дейін № 1 бірлескен цехтың күкірт қышқылы бөлімінде күкірт қышқылының түйістіру аппаратшысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вельццехта вельцпеште пешші болып жұмыс істейді. Ауысымда бригадирді ауыстырады. Жұмыстағы әріптестерінің арасында құрметке ие. Цех өміріне белсенді қатысады.  Жалпы жұмыс өтілі 13 жыл.

Облыстық комиссияның қорытындысы бойынша Аушиновтар әулеті үздіктердің бірі болып танылды және конкурстың Республикалық кезеңіне жіберіліп, онда екінші орын алды және 2023 жылғы 20 қыркүйекте Өскемен қаласында және 2023 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласына республикалық кезеңде марапаттау және ақшалай сыйлық тапсыру үшін салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылды.