2023 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ

2023 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ

2023 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ “Тілдерді оқыту орталығы” КММ Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында “Тіл саясаты: болашаққа бағдар және Мемлекеттік тіл” атты қалалық семинар-конференция өткізді. Риддер қаласының прокуроры, Риддер қаласы әкімінің орынбасары, “Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ маманы, “Тілдерді оқыту орталығы” КММ директоры қатысты. Кездесуге мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту үшін қала мекемелерінің басшылары Риддер қаласында тіл саясатын жүзеге асырудағы зор жемісті еңбектері үшін алғыс хаттармен  марапатталды: Риддер қаласының №2 орта мектебінің директоры – А.А.Бектурганова, «Қуаныш» балабақшасының меңгерушісі – А.И.Садвакасова, «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі – А.Қ. Рамазанова., «Клубничка» балабақшасының меңгерушісі - Тайсумова В.Р.