
15 қыркүйекте Риддер қаласының Мәдениет сарайында Отбасы күні аясында "Отбасы дәстүрі - шаңырақ тірегі" атты мерекелік іс-шара өтті. Риддер қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Агажаева құттықтау сөз сөйлеп, халық дәстүрін және ұрпақтар байланысын насихаттау арқылы отбасы институтын сақтауға баса назар аударды. Қонақтарға қазақтың ұлттық салты “Тұсау кесер" ("Разрезание пут") көрсетілді, аталған шараға Ернұр мен Мәдина Нұрлыбековтар отбасы қатысты. Ұлдары Мадияр алғашқы қадамын жасады. Бағдарламада Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының орындауындағы музыкалық нөмірлер орындалды.