«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның сақталуы тұрғысынан қала мекемелерін жоспарлы аралау ұйымдастырылды

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның сақталуы тұрғысынан қала мекемелерін жоспарлы аралау ұйымдастырылды

13 қыркүйекте Риддер қаласында көрнекі ақпарат объектілерін тексеру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның сақталуы тұрғысынан қала мекемелерін жоспарлы аралау ұйымдастырылды. Тоқтаров көшесінде орналасқан Риддер қаласының  12 бизнес нысаны қамтылды. Барлық субъектілермен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның жадынамалары берілді, көрнекі ақпаратты орналастыру, сондай - ақ ватсап нөмірі -«Көмек» көмек терезесі арқылы тегін аударма қызметтерін алу мүмкіндігі туралы түсіндірілді. Мекеме қызметкерлері Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығына тегін тілдерді оқыту курстарына шақырылды.