
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерімен негізгі реттелетін қызметтер көрсететін технологиялық байланысты реттелмейтін қызметтер нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасауда.
Осыған байланысты, Департамент нарық субъектілерінің назарына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына сәйкес, белгіленген мерзімдерде монополияға қарсы органға ақпарат бермегені не ақпаратты толық көлемде ұсынбағаны, дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік көзделгенің хабарлайды.