А.Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

А.Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

2023 жылғы 3 қыркүйекте Өскемен қаласында “Этноауылдар” Сол жағалау кешенінде Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен Қазақстан халқы тілдері күні аясында А.Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің орынбасарының алғыс хаттарымен Риддер қаласының лингвистикалық орталығының директоры - Қ.К. Садықова және полиция қызметінің маманы - Ақкенже Сүлейменқызы марапатталды.