
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру, қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктанты 2023 жылғы 5 қыркүйекте өтеді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
Диктантқа қатысушылар:
- жастар ұйымдарының өкілдері;
- мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
- студенттер, оқушылар;
- этномәдени бірлестіктердің өкілдері;
- азаматтық қоғам өкілдері;
- барлық ниет білдірушілер.
Күтілетін нәтижелер:
- Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ету;
- мемлекеттік тілді меңгеру ұлтты ұйыстыру жолындағы айрықша маңызды қадам екенін жастардың санасында орнықтыру;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру;
- мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастарға қазақстандық қоғамда өз орнын табу мүмкіндігін көрсету;
- жалпы сауаттылықты арттыруға атсалысу.