Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

    • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
    • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
    • Сыртқы саясат және инвестициялар;
    • Экономикалық және қаржылық саясат;
    • Цифрландыру;
    • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.